"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ басшылығы әлеуетті инвестор - "GI Group" компаниясымен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 18 тамызында "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ басшылығы әлеуетті инвестор - "GI Group" компаниясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаны орналастыру тәртібі, жер учаскелерін беру, АЭА қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормалары туралы түсініктемелер берілді. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 154